Алматыда бірнеше көшенің тұрғындары сусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бірнеше көшенің тұрғындары сусыз қалды

Алматыда бірнеше көшенің тұрғындары сусыз қалды

Бүгін Алматыда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты бірнеше көшенің тұрғындары суық сусыз қалды.

  • 24 Қараша 2014
  • 328
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «Холдинг Алматы су» мекемесінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгін таңғы сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін Бейсенбаев және Московская көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлерге, таңғы сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін Айтиев пен Бөгенбай көшелерінің аралығында орналасқан Жамбыл көшесінің бойындағы тұрғын үйлерге суық су беру тоқтатылды.

Сонымен қатар, Дулатов пен Жұмабаев көшелерінің аралығында орналасқан Кассин көшесінің бойындағы тұрғын үйлерде, сондай-ақ Якубов (Читинский көшесі мен Беляков көшелерінің аралығы), Читинский (Потанин мен Қазақбаев көшелерінің аралығы), Қазақбаев (Кожедуб пен Читинский көшелерінің аралығы) көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер таңғы сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін суық судан ажыратылды.