Алматыда бірнеше жігіт автобус жүргізушісін соққыға жықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бірнеше жігіт автобус жүргізушісін соққыға жықты

Алматыда бірнеше жігіт автобус жүргізушісін соққыға жықты

Алматыда бір топ жігіт автобус жүргізушісіне шабуыл жасады.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

  • 24 Сәуiр 2023
  • 30
Фото - Caravan.kz

Куәгерлердің айтуынша, №50 автобус жүргізушісіне жеңіл көлікте отырған бір топ жігіт пышақпен шабуыл жасаған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 21 сәуір кешкі сағат 19:30 шамасында 102 пультіне Райымбек даңғылы мен Төретай көшесінің қиылысында автобус жүргізушісі мен "Жигули" көлігінің жүргізушісі арасында жанжал туындағаны туралы хабар түскен.

Олардың жолға таласқаны белгілі болды.


"Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша тіркелді. Жеңіл көлік жүргізушісінің кім екені анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.