Жарияланды: 320

Алматыда бизнесті дамыту жолдарын қарастыратын дәстүрлі конференция өтеді

Алматыда 17-18 маусымда бизнес иелері мен жетекшілері үшін «Бизнесті қалай табысты құруға болады?» деген тақырыпта VIII WISE конференциясы өтеді.

«Континент» ЖШС мен «Help» консалтингтік тобы таратқан хабарламаға қарағанда, мәслихат барысында «Бизнесті басқарудың 5 табысты құралы», «Қазақстандық компанияларға әкімшіліктік технологияларды енгізудің нақты тәжірибесі», «Нәтижелі жетекшілердің құпиясы», «Қаржылық жоспарлау - бизнестің оңай батпауының кепілі» деген тақырыптарда семинарлар өткізу жоспарлануда. WISE - өз бизнесінде Л. Рон Хаббард жасаған басқару технологиясын қолданатын кәсіпкерлердің халықаралық қауымдастығы. WISE қауымдастығы 1979 жылы құрылған. Штаб- пәтері Лос Анджелесте орналасқан. Қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпіріндегі 260 мыңнан астам кәсіпорын өз жұмысында Л. Рон Хаббардтың басқару технологиясын қолданады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін