Алматыда дәмхана өртенді: 10 газ балоны шығарылды
![]() |
Алматыда Төле би көшесінде орналасқан "Сюзанна" дәмханасында өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады. |
Өрт туралы хабарлама таңғы 9:20-да түскен.
Тілсіз жау дəмхананың жазғы алаңының 10-15 шаршы метр аумағын зақымдаған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт электр плитасы мен тоқтың қысқаша тұйықталуынан болған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 25 литрлік 8, 50 литрлік 2 газ балонын, 1 оттегі балонын сыртқа шығарған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін