Алматыда дәрігерлер басшыларын жемқор деп айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A

Алматыда дәрігерлер басшыларын жемқор деп айыптады

Алматыда дәрігерлер басшыларын жемқор деп айыптады

Басшының қудалауына қарсылық! Бүгін Алматыда жедел-жәрдем ауруханасының қызметкерлері бас көтерді. Әсіресе, жас мамандардың ащуы қатты. Сөздеріне қарағанда, бас дәрігер мекемені нағыз майшелпекке айналдырыпты. Дәрігерлерді айтпағанда, фельдшердің орнына дейін саудаға салады дейді наразы топ. «200 мың теңге» деп ауызбастырықтың көлемін де белгілген көрінеді. Осындай жүйемен 2 жыл ішінде 70 адам қызметке алынды деп отыр ашынған дәрігерлер.

  • 20 Қараша 2014
  • 315
Фото - Caravan.kz

Гүлнар Әділбекова жедел-жәрдем қызметінде 30 жылдық тәжірибесі бар дәрігер. Соңғы 2 жылдан бергі басшының әділетсіз әрекетіне көз жұма алмадым дейді. Айтуынша, «Медициналық жедел-жәрдем станциясына» Біржан Оспанов басшы болып келгелі қызметтің қызу саудасы жүріп жатыр.

Гүлнар Әбілбекова, дәрігер:

-Бір жылда 70 адам заңсыз жұмыстан шығарылды. Барлығын да өз еркімен арыз жазуға мәбүрлеген. Себептері енді түкке тұрмайтын нәреселер. Әсіресе, жастарды тоқтатпай жатыр. Шыққандардың орнына 200 мың теңге берсе, басқа адамды алады.Сөйтіп, бизнес жасап отыр. Тіпті орын үшін екіқабат қызды да шығарып жіберді жұмыстан.

Бас дәрігердің «қудалауына ұшырадым»деп шағым түсіргеннің бірі – 21 жастағы Тамшыгүл Топаева. Бойжеткен жедел қызметте 1 жарым жыл фельдшер міндетін атқарған. Кәсібіне де икемделіп қалған екен. Бірақ қыркүйекте белгісіз себеппен жұмысынан босатылған.

Тамшыгүл Топаева, фельдшер:

-Бас дәрігер мен бас фельдшер мені өз еркіммен жұмыстан кетемін деп жаздырды. Ал жазбасаң сені заңмен шығарып, дипломынды тәркілетіп тастаймыз деді.Қаңтарда қайтадан аламын деді. Ол жерге бір бардың, екінші рет сені танымайды.

Ал Біржан Оспановтың өз уәжі бар. Тілшілерді мейлінше жылы қабылдаған жедел қызметтің «әділетсіз» деп айыпталған басшысы айыптың өзінен емес, керісінше қызметкерлерінен кеткенін түсіндіріп бақты. Яки, ол ешкімге күйе жағып,қуған емес. Егер шығарса, оған нақты себеп болған.


Біржан Оспанов, «Медициналық жедел-жәрдем станциясы» МКҚ бас дәрігері:

-Мен сіздерге олардың кету себептерін жеке-жеке тізіп бере аламын. Біреуі адам өліміне себепкер болды. Екіншісі қызметтік бір емес, бірнеше рет қателік жіберіп, сөгіс алған. Ал өзгелері жұмысқа немқұрайлылық танытқаны үшін шығарылды. Мен басшы ретінде бұл жерде талаптың орындалғанын қалаймын. Ал ақша алады екен дегенге айтарым, бұл – қып-қызыл жала.

Осылай деген басшы енді атын қаралаған қызметкерлерімен енді сотта кездеспекші. Себебі бұл жайт жеке оның емес, жалпы мекеменің атын масқаралаумен теңесіп отыр. Бірақ қудаланғандарда қарап отырмақ емес. Құзырлы орындарға арыз әзірлеп жатыр.