Алматыда Димаш Құдайбергеннің құрметіне мурал салынып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Димаш Құдайбергеннің құрметіне мурал салынып жатыр

Алматыда Димаш Құдайбергеннің құрметіне мурал салынып жатыр

Алматыда әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне мурал салынып жатыр.

  • 25 Маусым 2020
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әншінің портреті Қабанбай батыр және Сәкен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан үйдің қабырғасына салынып жатыр.

Фото © Алихан Сариев

Авторы — Алматының 26 жастағы тұрғыны Батыр Сәдуақасов.

Батыр Алматыда муралды алғаш рет салып жатыр. Бұған дейін ол комикс, кітаптардан көрнекі сурет салған және стрит-артпен айналысқан. Айтуынша, әлемге танымал жұлдыздың суретін салуға өтініш айтқан.

"Мен референсті ұзақ таңдадым. Жүзінде екі қарама-қайшы түстің үйлескен фотосын іздедім. Мысалға, жасыл мен қызғылт, екеуі қарама-қайшы болса да, үйлесіп, беті көрініп тұратындай. Эмульция, аэрозоль баллонын пайдаланып, әдемі қылып салғым келеді. Бұл тапсырыс емес, мұны өнерге деген құрметім үшін жасап жатырмын", — деді суретші.


Алматы әкімдігіндегілер мурал жеке адамдардың бастамасымен салынып жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар