Алматыда дөнерден ұшынғандар 7 миллион теңге өтемақы талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дөнерден ұшынғандар 7 миллион теңге өтемақы талап етуде

Алматыда дөнерден ұшынғандар 7 миллион теңге өтемақы талап етуде

Ұшындырған ас үшін 7 миллион теңге төленсін. Алматыда апта басында дөнерден ұшынған 30-дан астам адам материалдық және моральдық шығынды осылайша бағалаған. Қазіргі таңда науқастардың басым бөлігі үйлеріне жіберілсе, 12-сі әлі де дәрігерлердің қадағалауында.

  • 29 Тамыз 2015
  • 383
Фото - Caravan.kz

Ал жұртқа сапасыз тағам сатқан мекеменің басы бәлеге қалды. Мамандардың тексеруінен кейін тазалық талаптарының сақталмағаны және қызметкерлердің медициналық кітапшасы жоқ екені анықталған болатын. Сондықтан сот шешіміне дейін қоғамдық тамақтану орны жабылған. СЭС мамандары бұнымен тоқтамай осы дәмхананың иесіне тиесілі екінші нысанға бас сұғыпты. Осыдан кейін бұл дөнер асханасының да жұмысы тоқтатылды. Ал сыртында әдеттегідей «жөндеу жұмыстарына жабылды» деген хабарландыру тұр.