Жарияланды: 430

Алматыда дүкен шатыры өртенді

Алматыда дүкен шатыры өртенді

Алматыда Алатау ауданы Ясная поляна көшесі 6 мекенжайында орналасқан дүкеннің шатырынан өрт шықты.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады. 

Оның айтуынша, өрт туралы хабарлама түнгі сағат 1:55-те түскен. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жарты сағатта ауыздықтаған. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты жарамсыз етті. 
Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін