Жарияланды: 460

Алматыда джип көлігі мектеп оқушысын қағып кетті

Алматыда Toyota Tundra көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 16 жастағы қызды қағып кетті, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне бүгін қаланың құқық қорғау органындағы дереккөз мәлімдеді.

Оның мәліметі бойынша, сейсенбі күні джип көлігінің 20 жастағы жүргізушісі Саин көшесімен келе жатқан кезде жолдың рұқсат етілмеген жерімен өтіп бара жатқан Талдықорған мектептерінің бірінің 9-шы сынып оқушысын қағып кеткен. Жол апаты салдарынан жасөспірім қыз ауруханада көз жұмды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін