Жарияланды: 1100

Алматыда "экологиялық жүйені математикалық нобайлау" тақырыбында халықаралық конференция өтеді

Қыркүйектің 9-12 аралығында Алматыдағы Ғалымдар үйінде "экологиялық жүйені математикалық нобайлау" тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан ғарыштық зерттеулер институтының баспасөз хатшысы Наиля Арыстанбекова хабарлады.

Конференцияға Жапония, Бельгия, Чехия Республикасы, Украина, Тайвань, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстандық жетекші ғалымдар қатысады. Бас қосуда қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жүйені тұрақты дамыту, су ресурстары мен геоақпараттық жүйені қорғау және зерттеу мәселелері сарапқа салынады. Сонымен қатар техногендік жүйелердің адам мен қоршаған ортаға әсеріне талдау жасалмақшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін