Жарияланды: 350

Алматыда ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің отырысы өтуде

Бүгін, 22-тамызда Алматыда ЕурАзиялық Экономикалық Қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің он үшінші отырысы өтіп жатыр,- деп хабарлайды халықаралық ұйымның баспасөз қызметінен.

Отырыстың күн тәртібінде 24 мәселе қарау көзделген. Солардың кейбіреуіне тоқталсақ, "ЕурАзЭҚ жалпы кедендік тарифін қалыптастыру туралы", "Өзара сауда-саттықта арнаулы қорғаныс шаралары, антидемпингтік және компенсациялық шаралар қолданылмаған жағдайда Қоғамдастыққа мүше елдердің ішкі рыногін қорғау тетіктері туралы" , "ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің өзара сауда-саттық, қызмет көрсету және инвестициялық іс-қызметінің ахуалы мен динамикасына әсер етуші факторларға жан-жақты талдау жасау туралы" мәселелер талқыланады. ЕурАзЭҚ-на Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары қамтылады. Ал Армения, Молдова және Украина елдері Қоғамдастықта бақылаушы мәртебесіне ие.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін