Алматыда имам Қазақстан мұсылмандар кеңесінің басшысын мешіттен қуып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда имам Қазақстан мұсылмандар кеңесінің басшысын мешіттен қуып шықты

Алматыда имам Қазақстан мұсылмандар кеңесінің басшысын мешіттен қуып шықты

– Тез арада мешіттен шығып кетіңіз! Есі дұрыс сұрақ қоюдың орнына, үнемі осындай қырт сұрақтармен жұрттың басын ауыртасыз!

  • 15 Тамыз 2019
  • 852
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға жақын күндері Алматыдағы үлкен мешіттердің бірінде орын алды. Оқиға мұсылмандарға қатысты көптеген «қысыр сөздердің» авторы, Қазақстан мұсылмандар кеңесінің төрағасы Мұрат Телібековтің басынан өткен, — деп хабарлайды skifnews ақпараттық порталы.

Мешіт имамы мен Мұрат Телібековтің арасындағы сұрақ-жауап төмендегідей:

— Құрметті имам, мешітте отырғанда неге аяқты Меккеге қарата созып отыруға болмайтындығын түсіндіріп беріңізші?

— Егер адам олай істесе мұсылмандардың қасиетті орындарына құрметсіздік болып табылады, — деп жауап берді ойланбастан.

— Ал мешітте Құбылаға арқасын беріп тұрса ше?

— Арқасын беріп тұрса болады. Бұл мәселеде күнә көріп тұрған жоқпын.

— Бірақ «бұл тұрыста артым Мекке жаққа бағытталады ғой!» деп мен күмәндандым…

— Егер артыңыз тырдай жалаңаш болса күнә болады. Ал ыштаныңыз болса, рұқсат!


— Ал егер ыштанымда тесік болса ше?

— Кішкентай тесік ешнәрсе қылмайды. Егер үлкен жыртық болса міндетті түрде жамау керек.

— Ал егер менің аяғымда шұлығым болса, Қағба тарапына аяғымды соза берсем бола ма?

Имам бірден ойланып қалды да «жоқ, болмайды», – деді.

— Неге?! Бұтың жабық болса болады, ал аяғың жабық болса болмайды? Айырмашылығы жоқ қой?!

— Сіздің сұрақтарыңыз қоғамда күмән ұялатады. Бұл фитна! Арандатушылық! – деп имам ашуланып шыға келді. – Тез арада мешіттен шығып кетіңіз! Есі дұрыс сұрақ қоюдың орнына, үнемі осындай қырт сұрақтармен жұрттың басын ауыртасыз!

Соңғы жаңалықтар