Жарияланды: 370

Алматыда іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды

Алматыда іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды

Алматы полицейлері іздеуде жүрген 3 қылмыскерді ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Бөтен адамның мүлкін ұрлады деген күдікпен 1991 жылы туылған ер адамға 2013 жылдың РФ ІІМ Ленин басқармасы іздеу салған екен. 

«Алматы полициясы қылмыскерлерді, із-түзсіз жоғалып кеткендерді іздеуде өзге мемлекеттің ішкі істер органдарымен тығыз байланыста. Осы бағытта белгілі бір жұмыс жүйесі бар. Ресейлік әріптестерінен өтініш түскен соң Алматы горнизоны тексеру жүргізіп, күдіктінің Алматыда екендігі анықталды. Әуезов ауданының полицейлері күдіктіні бірден қамауға алды», - деді ІІД басқарма басшысы Жанболат Зиадин. 
Сондай-ақ, Алматыда Жетісу аудандық ІІБ-ның іздеуінде жүрген 48 жастағы РФ азаматы ұсталды. Күдіктіге қарсы ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 
Медеу аудандық ІІБ іздеуінде жүрген 52 жастағы Өзбекстан азаматы да ұсталды. Оған тергеушілер ҚР ҚК 189-бабы бойынша көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін