Алматыда кезекті астыртын ойынхана жойылды
Алматы. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ІІД қызметкерлері астыртын ойынханаларды анықтауға бағытталған кезекті кешенді іс-шаралардың нәтижесінде қала орталығындағы бір мейрамханада орналасқан осындай бір мекемені тауып, жойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Бұл жерде бизнес кеңінен жолға қойылған екен. Залда көзір ойнайтын жеті үстел, үш рулетка, 22 ойын автоматамы және бір электронды рулетка орнатылған. Мекеменің кассасынан 2 млн 376 мың теңге, 19 800 доллар, номиналы 25 доллардан 10 мың доллар аралығындағы ойын фишкалары (3252 дана) табылып тәркіленді. Ойын залында болған 15 адам ұсталып, сұралды", -деді Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Валерий Козлов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін