Алматыда хакерлер Нұрбанк шоттарын бұзып, 155 млн теңге ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда хакерлер Нұрбанк шоттарын бұзып, 155 млн теңге ұрлаған

Алматыда хакерлер Нұрбанк шоттарын бұзып, 155 млн теңге ұрлаған

Алматылық Митин мен Құсайынов алты жылдан астам уақыт жалпы тәртіпті колонияда жазасын өтейді. Олар Нұрбанктегі шоттарды бұзып, 155 миллион теңге ұрлағандары үшін сотталды деп хабарлады Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі.

“Сот үкімімен Митин мен Құсайынов ҚР ҚК 188 бабы, 4 бөлігі, 3 пунктінде қарастырылған қылмыс жасағаны үшін

  • 10 Қаңтар 2017
  • 807
Фото - Caravan.kz


“Сот үкімімен Митин мен Құсайынов ҚР ҚК 188 бабы, 4 бөлігі, 3 пунктінде қарастырылған қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды, осы бап бойынша 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, жазаны жалпы тәртіпті түзету колониясында өтейтін болады”, — делінген хабарламада. Бас сот талқылауы кезінде сотталушылар кінәсін мойындамады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар