Алматыда көктайғақтың кесірінен 4 машина соқтығысты (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көктайғақтың кесірінен 4 машина соқтығысты (ФОТО)

Алматыда көктайғақтың кесірінен 4 машина соқтығысты (ФОТО)

 Алматыда көктайғақтың салдарынан көлік апаты жиі орын алуда. Бүгін Қонаев пен Мәметова көшелерінің қиылысында «Опель» маркалы көлік көктайғақтың кесірінен дер кезінде тоқтай алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Сөйтіп, қарсы зулап келе жатқан «Тойота» көлігіне соқтығысып, шетте тұрған «Тойота» мен «Шкода» көліктерін соққан.

  • 26 Қараша 2014
  • 491
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға салдарынан жапа шеккен адамдар жоқ. Қазір бұл жерде жол полициясы қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыда үздіксіз қар жауып, жол қозғалысы қиындаған. 

Қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, бір тәуліктің ішінде көктайғақтың салдарынан 122 жол апаты орын алған. Олардың көбі қысқы дөңгелекті ауыстырып үлгермеген жүргізушілер екендігі анықталды. Бұл жайттардан адамдар жапа шекпеген.

Ішкі істер департаментінің өкілі жүргізушілерді өзінің және өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, аптаның соңына дейін Алматыда ауа райы жылына бастайды. Алайда түнде ауа температурасы -8, -13 градусқа дейін жетуі мүмкін. Сондықтан көктайғақ пен тұман аптаның соңына дейін сақталады.


машина

машина

машина