Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды

Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды

 

  • 14 Қазан 2018
  • 32
Фото - Caravan.kz


Алматыда полицейлер көлік айналарын ұрлаумен айналысатын қылмыстық топты ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш ер адамнан тұратын қылмыстық топ 13 қазанда таңертең ұсталған. "Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы үйлердің ауласында тұрған автокөліктердің айнасын ұрланған. Осыған байланысты жүргізілген жедел және арнайы шаралар кешені нәтижесінде күдіктілер анықталды. Ұрлық өткен демалыста болған", — деді Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов. Полицейлердің айтуынша, күдіктілердің бірі Өзбекстан азаматы, екіншісі — Алматы облысы Ұйғыр ауданының тұрғыны, ол бұрындары ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қылмыстық топтың тағы бір мүшесі — Car City сауда үйінде автобөлшек сатушысы. "Үшінші адамның рөлі — алыпсатарлық. Бүгінгі таңда бөлшек сауда нүктесіндегі тексеріс барысында 16 жұп автомобиль айналары тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Бұл факт олардың ұрлықпен тұрақты айналысатынын және кем дегенде 16 ұқсас жағдайға қатысы бар екенін сипаттайды", — деді Есен Ысқақов. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі кезде жедел-тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Күдіктілердің жеке басы туралы ақпарат басқа да полиция бөлімшелерінде тексеріледі, оның ішінде өзге ұрлыққа қатысы бар немесе жоқтығы анықталады. Бұдан басқа, жақын арада тергеуге дейінгі кезеңде ұсталғандарға қатысты алдын-ала шараларын таңдау мәселесі шешіледі: олар қазір куәлік беріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар