Алматыда колледждегі жарылыста қаза тапқан қыз жерленді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда колледждегі жарылыста қаза тапқан қыз жерленді

Алматыда колледждегі жарылыста қаза тапқан қыз жерленді

Алматыда жарылыстан қаза тапқан Светлана Яковлеваның денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Қыршын кеткен қызбен қоштасуға Сән және дизайн колледжінің оқытушылары мен студенттері түгел келген. Тіпті, 9-шы сыныпқа дейін бір партада отырған сыныптастары да құрбыларының мезгілсіз өліміне қайғырып, бұл күні қара жамылған отбасының жанынан табылды. Светланамен бірге ойнап-күлген жолдастары ғана емес, қызды бала кезінен жақсы танитын көрші-қолаңдары да оның жантүршігерлік қазасына арада үш тәулік өтсе де әлі сене алмай жүр.

  • 20 Қараша 2014
  • 243
Фото - Caravan.kz

Қаралыжиынға кілең бала келген. Бәрі де күні кеше ғана студент атанған жасөспірімдер. Жас та болса қайғыдан қан жұтқан ата-ананы демеп, қасында жұбатып жүр. Көршілер де осында. Гранатадан жарылған денені көріп, жағаларын ұстаған.

— Байғұс қыздың денесі қатты зақымданыпты. Арқасының сау-тамтығы қалмаған. Граната жарылғанда қашып үлгермегені көрініп тұр.

Светлана 5 ай бұрын 16 жасқа толған екен. Туған күнді бірге тойлаған сыныптастары құрбыларының табанасты өліміне ұзақ сене алмай, тек табыты жабылғанда ғана егіле жылап, ал онсыз да есеңгіреген әке есінен танып қалды.

Жас қыздың өмірін қиған төтенше оқиға осы аптаның басында болған еді. Сән және дизайн колледжінде граната жарылып, балалар ғимаратты тастай қашқан. Қан араласқан аласапыранда 12 оқушы ауыр жараланып, жарылыс болған сыныптан Светлана Яковлеваның мәйіті шықты.


-Спортзалға қашыңдар! Тез.

Соңғы мәліметтер бойынша, жараланған 12 студенттің 5-уі әлі де ауыр жағдайда. Тек үшеуі ғана есін жиған екен. Қалғаны аппараттың көмегімен тыныс алып жатыр. Әзірге бұл оқиғада жалғыз күдікті — алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаев қана. Оқушылардың үрейін ұшырған оқиғадан соң ұстаз бірден тергеу абақтысында тоғытылды. Абайсызда кісі өлімі мен заңсыз қару сақтау фактілері бойынша 2 бірдей қылмыстық іс қозғалғанымен, арада екі тәулік өтсе де, қауіпті гранатаның нақты қайдан келгені анықталған жоқ.