Алматыда коронавирустан қайтыс болған сегізінші науқас бірнеше аурумен ауырған - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда коронавирустан қайтыс болған  сегізінші науқас бірнеше аурумен ауырған

Алматыда коронавирустан қайтыс болған сегізінші науқас бірнеше аурумен ауырған

 

  • 24 Сәуiр 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

24 сәуірде Алматыда қайтыс болған науқас туралы ақпарат жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматыда 1945 жылғы коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір науқас қайтыс болды. Пациент 12 сәуірде COVID-19 диагнозымен инфекциялық стационарға жатқызылған болатын", — делінген хабарламада.

Оның ЖИА, артериялық гипертония, алдыңғы ми артериясының аневризмі, созылмалы пиелонефрит, екі жақты пневмония сияқты қосымша аурулары болған.


"Диагностикалау және емдеу хаттамасы бойынша коронавирусқа қарсы ем алды. Стационарда өте ауыр жағдайда, өкпені жасанды желдету аппаратында болды. Бұл жалпы алғанда Алматыдағы 8-ші өлім", — делінген хабарламада.