Алматыда нәзік жандарды көшеде тонаумен айналысқандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда нәзік жандарды көшеде тонаумен айналысқандар ұсталды

Алматыда нәзік жандарды көшеде тонаумен айналысқандар ұсталды

Алматы қаласы Әуезов ауданы ІІБ қызметкерлері екі ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Caravan.kz  медиа-порталы қалалық ІІД баспасөз қыз

  • 15 Желтоқсан 2016
  • 792
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласы Әуезов ауданы ІІБ қызметкерлері екі ұрыны ұстады, — деп хабарлайды Caravan.kz  медиа-порталы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше,  олар қылмыстық әрекеттерін түнгі уақытта жасап жүрген. 

"Зардап шеккендер ұрыларды сипаттаған кезде, бірінің ұзын бойлы екенін айтты. Қазір жәбір көрген екі әйел белгілі. Күдіктілер тек әйелдер сөмкесі мен ұялы телефондарды ұрлаға. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ұсталған екі ер адам Алматы облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысынан келген. Осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған", — деді Әуезов ауданының ІІБ басшысының бірінші орынбасары Құмарбек Кеншінбаев.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері осы адамдарды таныған немесе зардап шеккендер болса төмендегі нөмірлер бойынша хабарласуларын сұрайды: 298-53-00 немесе 298-53-01.


Соңғы жаңалықтар