Жарияланды: 590

Алматыда өнеркәсіптік аймақ аумағында кәріз жүйесі коллекторында апат шықты

Алматы. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда өнеркәсіптік аймақ аумағында кәріз жүйесі коллекторында апат шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Апат салдарынан коллектордағы апат салдарынан өнеркәсіптік аймақта 10 мың шаршы метр қойма жайларын лас су басты. Апат 12 қарашада сағат 22.30-да Ратушный және Баймұханов көшелерінің қиылысында орналасқан Алматы жол құрылысы компаниясының аумағындағы канализациялық коллекторда шыққан. Коллектор "Водоканал города Алматы" ҚКК тиесілі. Апат техникалық процессті бұзу салдарынан болған. Ұнтақ материалдардың қоймасы коллектордың үстінде салынғандықтан, оның салмағы коллекторды басып қалған. Қазір апаттың зардаптары жойылуда. Тұрғын үйлерге қауіп төнген жоқ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін