Алматыда өрт кезінде автокөліктер мен ТҚКС бокстері жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өрт кезінде автокөліктер мен ТҚКС бокстері жанып кетті

Алматыда өрт кезінде автокөліктер мен ТҚКС бокстері жанып кетті

[wpcode id="1694287"] Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртте екі автокөлік жанып кетті, біразын от шарпыды, деп х

  • 29 Желтоқсан 2016
  • 533
Фото - Caravan.kz


Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртте екі автокөлік жанып кетті, біразын от шарпыды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Мұратбаев көшесінде, Шевченко көшесімен қиылысқа жақын орналасқан ТҚКС таңертең сағат он бірге қарай өртенді. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекші бөліміне қоңырау 10:55-те келіп түскен, жеті минуттан соң алғашқы өрт сөндіру тобы оқиға орнына жетті, өрт 11:36-да сөндірілді. Өрт ауданы 200 шаршы метрді құрайды.

Берілген мәліметтер бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Материалдық шығын есептелуде, екі автокөліктен бөлек, екі бокс түгелдей жанып кетті, сонымен қатар сегіз автокөлікті от шарпып өткен. Бұдан да күрделі салдарлардың алдын алуға шаралары жасалды – өрт сөндірушілер қауіпті аумақтан 25 литрлік газ баллонды алып шықты.
 

Соңғы жаңалықтар