Алматыда өтетін көрмеге қасиетті Құранның сан ғасырлық тарихы бар қолжазбасы қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өтетін көрмеге қасиетті Құранның сан ғасырлық тарихы бар қолжазбасы қойылады

Алматыда өтетін көрмеге қасиетті Құранның сан ғасырлық тарихы бар қолжазбасы қойылады

Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейде «Ислам мәдениетінің құндылықтары» атты көрме өтеді. Бұл туралы осы қаладағы ҚазАқпарат ХАА тілшісі музей баспасөз орталығына сілтемемен хабарлайды.

  • 12 Наурыз 2015
  • 452
Фото - Caravan.kz

Көрме «Алматы — 2015 жылғы ислам мәдениетінің астанасы» атты Мемлекеттік мәдени бағдарлама аясында өткізіледі.

Орталық мемлекеттік музей қорында сақтаулы ислам мәдениетінің құндылықтары қойылатын көрмеде араб, түрік, татар, шағатай, парсы, өзбек тілдерінде жазылған сирек кездесетін еңбектер де келушілердің назарына ұсынылады. Сондай-ақ, 1643 жылы жазылған қасиетті Кұран Кәрімнің қолжасбасын да тамашалауға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, бұл жерден ХХ ғасырдың басында жарық көрген қазақтың тұңғыш газет-журналдарын да кездестіруге болады. Олардың қатарында «Абай», «Айқап», «Шолпан» журналдары да бар.