Алматыда Қадыр Мырзалиевке мемориалды тақта орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қадыр Мырзалиевке мемориалды тақта орнатылды

Алматыда Қадыр Мырзалиевке мемориалды тақта орнатылды

Бүгін Алматыда Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлық иегері ақын Қадыр Мырзалиевке мемориалды тақта орнатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Қаңтар 2014
  • 703
Фото - Caravan.kz

Қоғам қайраткерлері, ақынның туыстары мен жиналған қауымның алдында мемориалды тақтаны ашқан қала әкімі Ахметжан Есімов Қадыр ақынның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, елдік, мемлекеттік мәселелерде азаматтық позициясын таныта білген көрнекті қоғам қайраткері болғанын атап өтті.

«Бүгінгі қазақ поэзиясын Қадыр ақынсыз елестету мүмкін емес. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін оның жауһар жырларымен сусындап өстік. Өзі өмірден өткенімен, оның сөзі өлмейді», — деді Ахметжан Есімов.

Қадыр Мырзалиев — 50-ден астам өлең жинақтары, әдеби-сынақ және балалар кітаптары мен 200-ден астам ән мәтінінің авторы. Оның өлеңдері орыс, ағылшын, француз, фин, қырғыз, татар және басқа да әлем тілдеріне аударылған.


Мемориалды тақта Қадыр Мырзалиев 1971-1992 жылдар аралығында тұрған және еңбек еткен Жамбыл көшесі, №163 үйдің қабырғасына орнатылды.

КТК телеарнасындағы "Жүрекжарды" бағдарламасына берген ақынның соңғы сұхбатын мына жердегі күнтізбеден тауып алып, тамашалаңыздар. Қадыр Мырзали (30.0.12010)