Жарияланды: 410

Алматыда қалалық нотариустардың кеңесі өтті

Бүгін, 26-тамызда Алматыдағы экономика және бизнес институтында қаладағы нотариустардың кеңесі болып өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық әділет басқармасының баспасөз орталығынан хабарлады.

Кеңес "ҚР Нотариус туралы" заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды нотариустар назарына жеткізіп түсіндіруге арналады. Әділет басқармасы өкілдерінің айтуынша, кеңес қаладағы нотариустар жұмысын жақсартуға әрі жеңілдетуге септігін тигізбек. Қазіргі таңда Алматыда 300-ден астам нотариустар жұмыс істейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін