Алматыда қарашаның соңына қарай күн жылынады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қарашаның соңына қарай күн жылынады

Алматыда қарашаның соңына қарай күн жылынады

 Алматыда жауын-шашын тоқтап, қараша айының соңына дейін күн жылы болады.

  • 26 Қараша 2014
  • 482
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Казгидромет» РМК-нен хабарлады. Синоптиктердің болжауынша, кеше Алматыда мол түскен ылғал оңтүстік Каспий циклонының келуімен байланысты. 

«Оңтүстік Каспий циклонының келуімен Қазақстаннын оңтүстік-шығысында жауын-шашын түсті. Солтүстіктен келген суық ауа массасының ықпалымен жаңбыр соңы қарға айналды. Бүгін күн бұлтты болады, бірақ жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -8, -13, күндіз -3, -8-ге дейін суытады», деді «Казгидромет» РМК кезекші маманы.

Оның айтуынша, 30 қарашаға қарай  ауа райы бірте-бірте жылына бастайды.


«Аптаның соңына қарай ауа райын антициклон қалыптастырады. Яғни, ауа температурасы түнде -8, -13-ден -3, -8-ге дейін түссе, күндіз -3, -8-ден +2 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ түнде тұман басып, көктайғақ болады»,-деді ол.