Жарияланды: 470

Алматыда "Қару" операциясы басталды

Бүгін, 21-шілдеде "Қару" жедел-профилактикалық шаралары басталды. Операция 24-шілдеге дейін созылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Операцияның мақсаты- азаматтардың жаны мен денсаулығына қатер төндіретін қылмыстар туралы қала тұрғындарынан келіп түскен хабарламаларды дер кезінде елеп-ескеру болып табылады. "Қару" операциясы аясында мылтық және газды қару иелерінің үйі, автотұрақтары мен саяжайларын тексеру , сондай-ақ, автокөлікпен тасымалданатын транзитті жүктерді тексеру көзделіп отыр. "Қару" операциясы өткізілуіне байланысты Алматы қалалық ІІББ азаматтардан заңсыз сақтап отырған қару-жарақ, суық қару мен оқ-дәрі, жарылғыш заттарды өз еркімен келіп тапсыруды сұрайды. Заңсыз қару-жарақтарын өз ықтиярымен келіп тапсырған азаматтарға қылмыстық және әкімшілік жаза қолданылмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть