Алматыда қаруланған ер адам полиция қызметкерін жаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қаруланған ер адам полиция қызметкерін жаралады

Алматыда қаруланған ер адам полиция қызметкерін жаралады

Алматыда қаруланған ер адам Бостандық аудандық Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы Адай Бердібековты жаралап, оқиға орнынан тайып тұрмақшы болған.

  • 27 Тамыз 2014
  • 429
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады.

«Оқиға кешкі сегіздер шамасында болған. Полиция бөлімшесіне О.Чупряев деген азаматтың өзіне қарсы алаяқтық жасаған айтып бір азамат шағымданған. Мән-жайды анықтауға барған капитан Адай Бердібековты мойнынан пышақпен жаралаған О.Чупряев оқиға орнынан бой тасаламақшы болған.

Алайда, инспектордың көмекшісі бұзақыны дер кезінде ұстап, суық қаруын алып қойды. Жараланған полиция қызметкері орталық клиникалық ауруханаға жатқызылды», — деді Салтанат Әзірбек.

Жүргізілген сот-медициналық тексерудің нәтижесіне сәйкес О.Чупряев орта дәрежеде мас болып шыққан.


Қазір аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұзақы уақытша оқшаулау камерасына қамалды.