Алматыда қаржы саласында мемлекеттік тілді дамыту және оны салаға кіріктіру проблемасы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қаржы саласында мемлекеттік тілді дамыту және оны салаға кіріктіру проблемасы талқыланды

Алматыда қаржы саласында мемлекеттік тілді дамыту және оны салаға кіріктіру проблемасы талқыланды

Бүгін, 24-наурызда Алматыда "ЦентрКредит банкі" ААҚ-ның бастамасымен қаржы жүйесіндегі мемлекеттік тілді дамыту және оны осы салаға кіріктіру, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді ұйымдастырудың өзекті проблемаларына және жалпы мемлекеттік тілді дамыту мәселесін талқылауға арналған бас қосу өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Наурыз 2004
  • 765
Фото - Caravan.kz

Бұл конференцияны ҚР Ұлтық банкі мен ҚР қаржыгерлер қауымдастығы да бірлесе ұйымдастырып отыр.

Бас қосуға ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігінің өкілдері, тіл саласының ғалымдары, қаржыгерлер қауымдастығының мүшелері, еліміздің қаржы жүйесінде қызмет етуші тәржімашылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
«ЦентрКредит банкі» ААҚ-ның бұқарамен байланыс жөніндегі менеджері Жанна Мәмбетованың айтуынша, шара қазақ тілін екінші деңгейлі банктерде қолдану барысында пайда болған қиындықтар төңірегінде ашық пікірталас өрбітуге бағытталған. Кездесу банк құрылымдары өкілдерінің, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары мен басқа да қаржылық институттар мен ғалымдардың басын қосып, ортақ проблемаларды ой елегінен өткізу мақсатын көздейді. Сондай-ақ, дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар қаржылық институтар арасында қазақ тілін дәріптеу мақсатын да діттеген.
Бас қосуға қатысқан сарапшылар бірқатар өзекті проблемаға тоқталды. Олардың пікірінше, мемлекеттік тілді дамыту және оның қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған мемлекттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін бірқатар шаралар қолдану дұрыс. Атап айтсақ, конференцияны өткізу барысында атап өтілгеніндей, тілді дамытудағы маңызды мақсаттардың бірі оның мүмкіндіктері аясын кеңейтуге саяды. Ал бұл өз кезегінде салада біртұтас терминология жүйесін және ресми стиль қалыптастырумен тікелей байланысты. Бұл Қазақстанның жалпы қаржылық жүйесінің, соның ішінде банк жүйесінің алданда тұрған ең өзекті проблема. Ал қазіргі аудармашылардың тілі мен стилі ресми қазақ тілінің қалыптасуына әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен, түрлі есептік-статистикалық, қаржылық құжаттар мен банк құжаттарын тәржімалауда, жалпы терминология саласында қазір ала-құлалық белең алғанын ескерген конференцияға қатысушылар бұл проблемаларды шешу — мемлекеттік тілді сапалық жоғары даму деңгейіне көтереді деген тұжырымға келді.
«ЦентрКредит банкі» ААҚ әкімшілік департаментінің құжаттама басқармасының бастығы Сергей Дорожкиннің хабарлауынша, қазір банк қызметкерлеріне мемлекеттік тілді жұмыс орнында отырып-ақ өз бетімен үйренуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама жасалуда. С.Дорожкиннің пікірінше, бұл бағдарлама қазақ тілін банк жүйесіне кіріктіруге байланысты қиындықтарды анағұрлым жеңілдетуі тиіс.
Мемлекеттік тілді дамыту қажеттігін мойындаған бас қосуға қатысушылар аталмыш проблеманың шешілуінен мүдделі тараптардың күшін біріктіруші және олардың іс-қызметін бір арнаға бағыттаушы үйлестіру комитетін құру туралы құжатқа қол қойды.