Алматыда Қазақстан аумағында ұрлық жасады деп айыпталған АҚШ азаматына қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстан аумағында ұрлық жасады деп айыпталған АҚШ азаматына қатысты сот басталды

Алматыда Қазақстан аумағында ұрлық жасады деп айыпталған АҚШ азаматына қатысты сот басталды

АЛМАТЫ. 12 - сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда Қазақстан аумағында ұрлық жасады деп айыпталған АҚШ азаматына қатысты сот басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматының Алмалы аудандық сотынан хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2007
  • 319
Фото - Caravan.kz

«Алдын-ала тыңдау 11-сәуірде Алматының Алмалы аудандық сотының ғимаратында судья Зәуре Кейкібасованың төрағалығымен басталған болатын»,- деп түсіндірді соттағылар. Сотқа С. Сайденфелдті Қазақстан аумағында алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі көлемдегі бөтен мүлікті ұрлау қылмысын жасады деп айыптаған істі Алматы прокуратурасы жолдаған.

Сотта айыпталушының адвокаттары бірнеше өтініш білдіргендігін хабарлады. Атап айтқанда, «Арна» АҚ мүддесін қорғайтын тұлғаға қарсылық білдіру туралы, жүргізілген сараптамалар қорытындысын жарамсыз деп тану туралы, қылмыс құрамының жеткіліксіз болғандығынан қылмыстық істі тоқтату және айыпталушы М. Сайденфелдті қамаудан босату туралы.

Алдын-ала тыңдау барысында процесске қатысушы прокуратура өкілдері мәлім етілген өтініштердің барлығын қабылдамау туралы ұсыныс жасады.

Сондай-ақ, сотта аталмыш іс бойынша алдын-ала тыңдау бүгін 14.30-да жалғасатындығы хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, М. Сайденфелд бір жарым жыл бұрын халықаралық іздеуді жүріп, Ресей Федерациясының аумағындағы Благовещенск қаласында құрықталған болатын. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауымен ол Қазақстанға экстрадицияланып, 2006 жылы қарашада республиканың құқық қорғау органдарына берілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті