Жарияланды: 650

Алматыда Қазақстан және Тайланд кәсіпкерлерінің іскерлік форумы өтеді

Алматыда 29-тамызда Қазақстан және Тайланд кәсіпкерлерінің іскерлік форумы өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР сауда-өнеркәсіптік палаталары Одағынан.

Бұл форум Тайланд Корольдығы үкіметінің коммерция жөніндегі вице-министрі Пьябут Човичан бастаған өкілдердің сапары аясында ұйымдастырылғалы отыр. Өкілдер құрамында Тайланд сауда палатасының төрағасы, осы елдің сауда министрлігінің сыртқы сауда департаментінің бас директоры, сондай-ақ, ірі коммерциялық құрылымдардың өкілдері қамтылған. Өкілдер сапары мен форумды өткізудегі мақсат - екі ел кәсіпкерлерінің арасында іскерлік байланыстар орнатуға және екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға түрткі болу. Сапар барысында ҚР сауда-өнеркәсіптік палаталары Одағы , Тайланд сауда палатасы және Тайланд сауда комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады. Қазақстандық және Тайландлық кәсіпкерлер арасында жекелеген келіссөздер күтілуде. Тайланд елімізден жыл сайын 70 млрд. доллар көлеміндегі астық, көмір, құрыш, металл қалдықтары, түсті металл, мұнай, көлемді трансформаторлар тәрізді өнімдерді импорттайды. Ал Тайланд Корольдығынан елімізге әкелінетін негізгі өнімдердің қатарында күріш, теңіз өнімдері, қант, зергерлік бұйымдар, көксағыз және жеміс-жидектер бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть