10 жылдан бері тұтас бір тұрғын үйдің құтын қашырған 63 жастағы қария мен арбаға таңылған қызы осы. Екеуі де – мүгедек. Баспаналарына бас сұққанды қойып, мұндағы подъезге кірудің өзі мұң. Себебі, жағымсыз иіспен бір сәт те тыныстау мүмкін емес.
-Света, айналайын не істегенің мынау? Тұншығып өлетін болдық қой. Есігімізді аша алмай отырмыз. Қашан адам боласың? Айтшы?
Көршілерінің сөзіне сенсек, әкесі, мүгедек арбасына таңылған қызымен, 14 жасында төсек қатынасына түсіпті. Ақыл-есі кем азамат сол үшін ауруханада жатып шыққан. Енді әкесі мен қызы нағыз шошқа қорада тұрып жатқандай. Баспана деген аты болмаса, пәтер іші қоқысқа толы. Қаптаған шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа. Өздері әрең жан бағып жүрсе де, ит пен бірнеше мысық асырайды. Қарияның көзі нашар көрсе, 7 жыл бұрын аяғынан айрылған қызы, арбаға таңылған. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын ол, әжетханаға да бара алмайды.
— Жүре алмаймын. Дәретханаа да өздігіммен бар алмаймын. Не істе дейсіңдер маған?
«Дәретханаға отыра алмаймын» деп ашынған мүгедек, амалсыз отырған жерінде дәретін сындыра береді. Ал үйдің еденіне жиылған нәжіс, төменгі пәтерге қарай ағады. Сондықтан астыңғы қабаттағы Камила Айтахунова, мүгедектердің пәтерін өзі барып тазалауға мәжбүр.
-Жарды әктеп шықтық. Әбден иіс сіңып қалған. Шаршатты тіптен.
Пәтерлерін қоқысқа толтырған кембағал жандардың туыстары да бар екен. Алайда келіп, қамқорлық танытатын ешқайсысы жоқ.Тұрғындар құзырлы орындарға сан мәрте шағымданғанымен, амал қолданатын шенділер де табылмапты. Енді тым болмаса, қараусыз қалған мүгедектерге әлеуметтік көмек болса деп тілейді.