«Биыл біз сатып алушыларды өз өнімдерімізбен таныстырып, елімізде өндірілетін шикізаттар, материалдар мен өнімдер, құрал-жабдықтар мен қаптама бұйымдарды тұтынушылар мен сатушыларды бір-бірімен таныстырамыз»,- деді А. Папелюшко. «Бұл көрмелерде еліміздегі инновацияларға, өнімдер мен жетістіктерге қатысты біртұтас тізбектер көремен назарына ұсынылады. Біз сол арқылы еліміздің азық-түлік өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілердің бір жылдағы жұмыстарын қорытындылаймыз»,- деді ол.
Сонымен бірге Қазақстанның азық-түлік және өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілері одағының президентінің айтуынша, көрмелердің аясында кәсіпкерлер мен мамандардың кездесулері, өнім өндірушілердің семинарлары, бизнес-тренингтер, фирмалар мен қатысушылардың тұсаукесерлері өткізіледі. Бұдан басқа «Азық-түлік нарығының жетекшісі -2007» деген ұран астында азық-түлік өнімдері мен сусындардың дәмін татып көретін кәсіби байқаулар өткізіледі.
Көрмелерде нан-тоқаш, тәттілік және сүт өнімдерінің, балаларға арналған тағамдардың, азық-түлікке қоспалар мен хош иістендіргіш заттардың, спиртті және спиртсіз өнімдер мен сусындардың, консервіленген өнімдердің, темекі, азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған жабдықтардың, шикізат пен қаптама бұйымдардың үлгілері назарға ұсынылады.
Шараны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Австрия, Дания, Түркия, Үндістан, Чехия, Қытай елдерінен 100-дей компания қатыспақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті