Алматыда Семей сынақ алаңының жабылуына 12 жыл толуына арналған кездесу болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Семей сынақ алаңының жабылуына 12 жыл толуына арналған кездесу болып өтті

Алматыда Семей сынақ алаңының жабылуына 12 жыл толуына арналған кездесу болып өтті

Бүгін Алматыда "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының өкілдері Семей сынақ алаңының жабылуына 12 жыл толуына арнап "Бейбітшілік толқыны" атты кездесу

  • 29 Тамыз 2003
  • 1156
Фото - Caravan.kz

ұйымдастырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Кездесуге Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі, онкология және радиология жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтының, «Дүниежүзілік дәрігерлер ядролық соғыстың алдын алу үшін» атты халықаралық қозғалысының және Отан саяси партиясының өкілдері қатысты.
Семей полигоны ҚР президентінің 1991-жылғы 29-тамыздағы жарлығымен
жабылған болатын. Полигонның жабылғанына қарамастан ядролық сынақтардың зардабын әлі де 5-6 буын өкілдері тартады деп күтілуде. Әртүрлі мәліметтерге қарағанда, радиациядан зардап шеккендердің саны 0,5-2 млн. адамға жетеді. Сынақ құрбандарының алғашқы толқыны әлдеқашан бұл дүниеден озса да, олардың ұрпақтары қатерлі ісік пен басқа да ауру түрлерінен күні бүгінге дейін зардап шегуде.
Бүгінгі кездесуде сөз сөйлеген Жапония елшісі Тосио Цунодзаки өз халқының Семей трагедиясын жан-тәнімен түсінетінін атап көрсетті. Қазір бұл ел Семей аймағына зардаптарды жоюға қолұшын беруде. Осы орайда елші мырза Жапония үкіметі «Семей аймағындағы медициналық қызмет деңгейін арттыру» атты 2000-жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жобаның мерзімін ұзартуға шешім қабылдағанын хабарлады. Жоба аясында Семей өңіріне медициналық жабдықтар жеткізілуде. Ал Хиросима және Нагасаки университеттерінің ғалымдары мен дәрігерлері Семейге келіп, жергілікті тұрғындарға медициналық жәрдем көрсетуде. Тосио Цунодзаки өзінің таяу уақыттарда Семейге баратынын, онда жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға арналған бірінші отырыс өтетінін хабарлады.
1949-жылдың 29-тамызында КСРО Семей полигонында тұңғыш рет атом бомбасын сынақтан өткізді. 40 жылға созылған осындай сынақтар барысында Қарағанды, Павлодар және Семей облыстарын қамтыған 18 мың шаршы шақырымнан астам аумақта 470 ядролық жарылыс жасалды. Оның 118-і жер үстінде, 352-сі жер астында өткізілді. Ядролық жарылыстармен бірге Семей полигонында химиялық жарылғыш заттарды қолдану арқылы 175 жарылыс жасалды.
Алғашқы сынақ өткізілгеннен 40 жылдан кейін, 1989-жылы танымал қазақ жазушысы Олжас Сүлейменов қоғамды ядролық сынақтарға қарсылық білдіруге үндеді. Оның бұл үндеуін «Невада-Семей » антиядролық қозғалысын құрған ғалымдар бір дауыстан қолдады. Қозғалыс Семей полигонындағы ядролық жарылыстарды тоқтатуды ең басты міндеті ретінде алға қойған еді. Ядродық жарылыстарға қарсы үндеухатқа 2 млн.-нан астам қазақстандықтар қол қойып, антиядролық қозғалыс барған сайын қанат жайды. 1989-жылы қозғалыс Семей полигонында жүзеге асыруға жоспарланған 18 жарылыстың 11-ін тоқтатуға қол жеткізді. Семей полигонындағы ең соңғы ядролық жарылыс 1989-жылдың 19-қазанында жасалды.
Бүгін, 29-тамызда Семейде «Өлімнен де айбатты» деп аталатын ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шегушілердің рухына бағышталған митинг өтеді.

Соңғы жаңалықтар