Алматыда шіркеудегілерді шошытқан «лаңкес» 2 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда шіркеудегілерді шошытқан «лаңкес» 2 жылға сотталды

Алматыда шіркеудегілерді шошытқан «лаңкес» 2 жылға сотталды

Алматыда Никольск шіркеуінде жарылыс жасалатыны туралы жалған хабар берген «лаңкес» екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі  Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Қаңтар 2017
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Айыпталушы Ж. ҚР ҚК 273-бабында көрсетілген (террорлық актісі туралы жалған ақпарат тарату) қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл жалпы режімдегі түзеу колонияда жазасын өтейтін болды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деді сот залынан.

Іс барысында анықталғандай, сотталушы 2016 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 07.13-те Алматы қаласының Мәуленов-Гоголь көшелері қиылысында тұрып, жалған ақпарат тарату туралы ойлаған.

Осыдан кейін ол таксофоннан ІІД-нің 102 нөміріне хабарласып, 11 қыркүйек күні Алматыдағы Никольск шіркеуінде сағат 10.00-де жарылыс болатыны, оған астыртын дайындық жүргізіліп жатқаны туралы жалған ақпарат берген. Айыпталушы сотта өз кінәсін толығымен мойындады.