Жарияланды: 290

Алматыда соққыға жығылған дәрігерге қаржылай көмек қажет

Алматыда дәрігерді ұрып, жарымжан еткен бұзақы екі айға қамауға алынды. Азаматтық некедегі әйелін жедел жәрдем қызметкерлерінен қызғанып, қырғын салған күдікті тергеу біткенше темір торда отырауы тиіс.

Десе де, өзі жұдырық ала жүгіргенін мойындап отырған жоқ. Жүрегі ауырған әйеліне дәрігер шақыртқан күдікті санитар мен фельдшерді тепкілеп, ал келіншегінің кеудесін аппаратпен тексермек болған Наркескен Сейсенбаевтың басын жарған болатын. Миына қан құйылған жігіт әлі де комада жатыр. Бастапқыда «танымаймын» деп сырқат сөзінен таңғанымен, тергеушілер күдіктіні оның азаматтық некедегі күйеуі екенін анықтаған. Қызғаншақтың кесірінен комаға түскен дәрігердің әріптестері қазір оның еміне қаражат жинап, елден де көмек сұрап отыр.

Шынар Бекмұханбетова, жедел жәрдем дәрігері:

-Наркескен біздің еің жақсы мықты дәрігер. Енді бір көмегіміз халықтан ғана деп ойлаймыз. Жағдай күненн күнге белгілі болып жатыр. Оған үлкен сома қажет.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін