Жарияланды: 780

Алматыда студент бір курста оқитын қыз баланы ұрлап әкетіп, өлтірген

Алматыда студент бір курста оқитын қыз баланы ұрлап әкетіп, өлтірген

 Алматыда Қызылорда облысының 20  жастағы жігіті бойжеткенді ұрлап әкетіп өлтірді  деген күдікпен ұсталды,

    деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Жұмада таралған ақпаратқа қарағанда, Алматы полициясына жергілікті тұрғын арыз беріпті, ол жоғары оқу орнының студенті  жиен қарындасының із-түзсіз жоғалып кеткендігін мәлімдеген.
Оның айтуынша, қыз бала үйден 31 тамыз күні ертеңгілік сағат онда кеткен. Сол күні оның ұялы телефонына қыз бала үшін 4 млн теңге талап етілген смс хабарлама түсіпті.
Шұғыл -іздеу шаралары барысында 20 жастағы студент ұсталды, ол банкомат арқылы сол қыздың карточкасынан ақша алмақ болған.
Ұсталған жігіт пен жоғалған қыз бала бір сыныпта, бір курста оқыпты, жігіт қыз баланы ұрлап, өлтіргендігін мойындапты, мәйітін қай жерге тыққандығын да көрсеткен.
Қазіргі уақытта республика Қылмыстық кодексінің адам ұрлау 125 бабы және адам өлтіру  99 бабы бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін