-Бірінші ақырын атылды. Сосын қатты атылды. Сосын бәрімізден қан шашырап кетті.
Бұл 4 күннен бері жансақтау бөлімінде жатып, бүгін ғана жалпы бөлмеге шығарылған балалар. Бірі – Маржан Әділбек, екіншісі – Алина Жақыпбаева. Екеуі де гранатаның жарықшақтарынан зақым алған. Жағдайлары әзірге орташа. Бүгін олар тергеушілерге болған жайтты баяндады. Айтуларынша, гранатаны расымен мұғалім әкелген екен.
Әлия Жақыпбаева, жарылыста зардап шеккен студент:
— Сабақта мұғалім гранатаны көруге берді. Сосын басын ашпаңдар деп ескертті. Бірақ оны бәрі қолына алып көргісі келді. Осы кезде ұлдардың шүріппені тартып қалып, қыздардың партасына қоя салды.3-4 секундттан соң жарылды. Сосын екінші рет жарылды. Бөлме түтін болып кетті.
Ауруханаға түскен 12 баланың әлі екеуі өлім мен өмір арасында жатыр. Тек аппараттың көмегінмен тыныс алуда. Өзге 10-ны ес жиған. Бірақ көбінің есту қабілеттірі бұзылыпты.
Жанат Қасымжанова, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
— Енді есту қабілеттері төмендеген, балалардың 80 пайызының. Жарылыстың салдарынан. Енді бастарының жарақаттары бар. Барлығы анықталып отыр. Хирургиялық операциялар жасадық.
Дегенімен балалардың кейбірінің мүгедек болып қалу қауіпі де бар көрінеді. Әсіресе, Максим Яромет есімді студенттің. Себебі оның бір көзі жарылыс кезінде ағып кетіпті. Болған жайт әсіресе ата-аналарды есенгіретіп тастаған. Барлығы да 4 күннен бірі аурухана есігін торуылдаумен жүр.
Светлана Жақыпбаева, зардап шеккен студенттің анасы:
-17 баланың әрқайсысы гранатаны жеке-жеке ұстап көріпті. Оны мұғалім қалайша беріп жүр. Олар бала ғой. Біреуі болмасын, біреуі қызық көріп, ашып жіберетін неге ойламаған. Бұл енді сұмдық, ақымақтық меніңше. Жауап берсін осы әрекеті үшін.
Балалардың өміріне қауіп төндіріген ұстаз – 47 жастағы Ғабит Қарабалаев қазір қамауда. Тергеу аяқталғанша екі ай абақтыда отыруы тиіс. Бүгін оған ресми айып тағылғаны да мәлім болды. «Абайсызда кісі өліміне алып келді» және «қаруды заңсыз қолданды» деген екі бірдей баппен қылмыстық іс қозғалған.Қайғылы оқиға дүйсенбі күні Алматыдағы сән және дизайн колледжінде болған еді. Салдарынан 12 бала жараланып, тағы бір студент — 16 жастағы Светлана Яковлева сол жерде жан тапсырды.