Жарияланды: 60

Алматыда суицид жасаған жігітті әлдебіреулер әдейі құлатқан болуы мүмкін

Алматыда суицид жасаған жігітті әлдебіреулер әдейі құлатқан болуы мүмкін Сурет - newsroom.kh.ua

Алматыда 12-ші қабаттан секіріп өлді делінген жігітті әлдебіреулер әдейі құлатып жіберген де болуы мүмкін.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Қаладағы элиталық «Манхеттен» тұрғын үй кешенінде болған сұмдық жайтты тәртіп сақшылары тексеріп жатыр.  

12-ші қабаттан есік алдына бір-ақ сұлап түскен марқұмның бұл үйде тіркелмені анықталды. Ал, жасы небәрі 25-те екен. Аты-жөні қалтасындағы құжаты бойынша белгілі болды. Десе де, сақшылар туыстарына қоңырау шалып, ала алмай жатыр екен. Бір белгілісі, биіктен құлаған жігіт ішімдік ішпеген. Элиталық үйдің тұрғындарын сұрақ астына алған полицейлер түрлі болжамдар бойынша тергеу жүргізуде. Сау жері қалмаған жігітті әлдебіреулер итеріп жіберген болуы мүмкін деген де болжам бар.  

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаменті ресми өкілі:

- Пәтер жалдап тұрғанын, қонаққа келгені сияқты сұрақтарға жауап іздеу үстінде. Қазіргі таңда бұл іс «суицид» бойынша саралануда, дегенмен де тергеушілер басқа да болжамды жоққа шығармай, жіті тексеретін болады.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін