Алматыда тегін тамақ салынған тоңазытқыштар пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тегін тамақ салынған тоңазытқыштар пайда болды

Алматыда тегін тамақ салынған тоңазытқыштар пайда болды

Алматыда мұқтаж адамдарға тегін тамақ салынған қоғамдық тоңазытқыштар пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2017
  • 384
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы фудшеринг идеясының авторы Әлихан Байқоңыров Фейсбуктегі парақшасында айтты. Оның айтуынша әзірге 3 тоңазытқыш  тамақтану орындарының немесе дүкендердің қасында тұр.

«Тоңазытқыштар орнатылды. Іші асқа толтырылып жатыр. Ас әкелетін адамдар мен тоңазытқышты дүкеніне алып кетем деген адамдардың көптігі қуантады. Ең басты талап — сақтау мерзімі өткен тауарларды әкелмеу. Олай болатын болса адамдардың уланып қалуы ғажап емес», — деді Ә.Байқоңыров.

Оның айтуынша, дүкен иелері тоңазытқышты тек өз дүкенінен шыққан азық түлікпен немесе жақын арадағы мейрамханаларда қалған азық түлікпен толықтырып отырады. Түнде тоңазытқыш өшіріледі.

Қожайындары ұрламас үшін арнайы шынжырмен бекітіп қойған.

Идея авторлары тоңазытқыштардың қай мекенжайда тұрғанын құпия ұстап отыр. Себебі көмектесем деген адамдардың көптігінен тоңазытқышта орын жетіспей қалуы мүмкін.

«Көпқабатты тұрғын үйдің қасында орналасқан тоңазытқышқа тек сол үйдің адамдары ғана азық-түлік апарады. Мерзімі өткен азық-түлікті апару үшін сол жерге барудың қажеті жоқ», — деді ол.


Жақында мұндай тоңазытқыштар Астана, Тбилиси, Семей, Атырау, Бішкек, Қарағанды қалаларында да пайда болады.

Әлихан Байқоңыровтың айтуынша,  Food Sharing қозғалысы әлемде қарқынды дамып келеді. Ең алғаш рет көшедегі мейірім тоңазытқыштары Денвер көшелерінде пайда болған.

«Әр кварталда, супермаркет жандарында тоңазытқыштар тұр. Олардан студенттер, жағдайы төмен отбасылар, зейнеткерлер ас алып іше алады. Ас қалдыратындар қағазға тағамның жарамдылық мерзімін жазып қалдырады. Керемет идея», — деді автор. 

 

Соңғы жаңалықтар