Алматыда терактіде зардап шеккен екі полиция қызметкері ауыр жарақат салдарынан көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда терактіде зардап шеккен екі полиция қызметкері ауыр жарақат салдарынан көз жұмды

Алматыда терактіде зардап шеккен екі полиция қызметкері ауыр жарақат салдарынан көз жұмды

Алматыда ауруханада жатқан тағы екі полиция қызметкері ауыр жарақаттың салдарынан көз жұмды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Тамыз 2016
  • 582
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатқан екі полиция қызметкері қаза тапты. Олар Күлекбаев тарапынан болған құқыққа қайшы әрекетке тойтарыс беру барысында оқ тиіп ауыр жарақат алған болатын.  

Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасағанмен, олардың өмірін аман алып қала алмады. Өкінішке қарай, алған жарақаттары тым ауыр болды.

Полиция аға сержанты Әбілдаев Серік Еркенұлы, 1973 жылы туған. Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің Жол-патрульдік полиция полкінің полиция қызметкері. Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет атқарып келген. Қызмет барысында 1, 2, 3 дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Қазақстан полициясына 20 жыл», төсбелгісімен, ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ІІД мақтау қағаздарымен марапатталды. Отбасы — үйленген, 3 қыздың әкесі.

Рахматуллаев Мейрамбек Нұрділлаұлы, 1992 жылы туған. Алмалы аудандық ІІБ учаскелік инспекторы. Ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет атқарып келген. Қызмет барысында ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ІІД мақтау грамотаралырмен талай рет марапатталған. Отбасы лық жағдайы — үйленген.      


Алматы қалалық ІІД басшылығы, Ардагерлер кеңесі мен жеке құрамы мезгілсіз көз жұмған Серік Әбілдаев пен Мейрамбек Рахматуллаевтың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. 

Соңғы жаңалықтар