Алматыда тергеу изоляторына героин өткізбек болған деректің жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тергеу изоляторына героин өткізбек болған деректің жолы кесілді

Алматыда тергеу изоляторына героин өткізбек болған деректің жолы кесілді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 21 - тамыз. АЛМАТЫ. Алматыда тергеу изоляторына героин өткізбек болған деректің жолы кесілді. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Алматы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Тамыз 2007
  • 447
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 20-тамызда күннің бірінші жартысында ЛА-155/1 мекемесінің «қабылдап-өткеру» шараларына арналған ғимаратында «танысына азық-түлік салынған дорба бермек болған»26 жастағы еркек ұсталды. «Оны мұқият тінту барысында дорбаның ішіндегі кәмпиттің ішіне тығылған героинн табылды»,- деп хабарлады баспасөз қызметінің қызметкерлері. «Куәлердің қатысуымен тәттінің ішінен бір грамм героин алынды», деп қосты олар.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлерімен ЛА-155/1 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері «тергеу изоляторына есірткі өткізу жаспарланғандығы туралы расталған ақпарат алған».

Алматы ішкі істер департаменті қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйенсек, «үстіміздегі жылы изоляторға есірткі өткізбек болған бірнеше деректің жолы кесілген».