Алматыда толассыз қар жауып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда толассыз қар жауып жатыр

Алматыда толассыз қар жауып жатыр

 Алматыда кеше кешкі сағат 21:00-ден бері жауып жатқан қардың қалыңдығы бүгін таңғы сағат 07:00-ге қарай 15 сантиметрге жетті. Ал Шымбұлақ тау-шаңғы шипажайы аумағында қардың қалыңдығы 30 см құрады. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Наурыз 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz

Алматының коммуналдық қызметтері 29 наурыз күні қаланың тау бөктерлері маңында сағат 19:00-ден, ал қала ішінде 21:30-дан бастап, көшелерге тұз аралас құм себу жұмыстарына кірісті.  

Ал 23 сағат 30 минуттан бастап, арнайы техникалар қар тазалауға жұмыстарына жұмылдырылды. Бұған жол полициясы қызметкерлері қолдау көрсетуде. Көктайғақ болмас үшін көшелерге түнде тағы да тұз аралас құм себілді.   

Бұл жұмыстарға барлығы 465 техника жұмылдырылған. Олардың 115-і құмсепкіштер. Сонымен қатар, 810 жұмысшы жұмыс істеуде. Жалпы, 2202 тонна тұз аралас құм мен 36 тонна тұз қолданылды. Қала сыртына 1600 текше метр қар шығарылды. 

Қазір қалада қар жауып тұр. Ол барған сайын үдей түсуде. Сәйкесінше, көшелерді қардан тазартау жұмыстары одан әрі жалғасуда.


Қала мен аудан әкімдіктерінде көшелерді қардан тазарту және қала сыртына қар тасымалдау жұмыстары бойынша тәулік бойғы кезекшіліктер ұйымдастырылған.