Жарияланды: 390

Алматыда тұрғын үйдің мансарды өртенді

Алматыда тұрғын үйдің мансарды өртенді

Алматыда Алатау ауданындағы М.Өтемісұлы 105 мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрғын үйдің мансардынан өрт шықты.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамедова хабарлады. 

Оның айтуынша, төтенше жағдай туралы хабарлама таңертеңгі 11:22-де түскен. Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жау 11:41-де ауыздықталып, 11.57-де сөндірілді. 
Өртті сөндіруге 4 арнайы техника, 20 қызметкері жұмылдырылды. 
Оқиғадан ешкім жапа шеккен жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін