-Еу, ұстаңдар оны. Байлап таста.
Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде жетіп, жас жігітті аман алып қалды. Ұзынағаш ауылының тұрғыны осыдан бірер күн бұрын жолдастарымен бірігіп ұрлыққа түскен екен. Алайда сәтсіздікке ұшырап, сыбайластары оны сатып кеткен. Көпқабатты үйден пәтер жалдаған жігіт түрмеге түскенше құлап өлгенім жақсы деп, өз-өзіне қол салуға тәуекел етіпті. Қазір жолы болмаған ұрылардың барлығы іздестірілуде.