Жарияланды: 350

Алматыда үш күннен бері ақша айырбастау орындарының саудасы жүрмей тұр

Теңге тапшы! Алматыда үш күннен бері ақша айырбастау орындарында жұмыс тұралап тұр. Долларды айтпағанда валютаның өзге түрлерімен де арадағы сатылым жоқ.

Мұның себебін ақша айырбастау орындарының иелері биржаның демалыс күндері тоқтап тұруымен түсіндіріп отыр. Оның үстіне, қолындағы долларын қайта теңгеге алмастырушылар көбейіп кеткен. Сөйтіп, кассаларда АҚШ ақшасы тұрмақ, өзге валютаны да сатып алуға теңге қалмаған. Десе де, бірен-саран айырбас жасап жатқан пункттер бар. Онда де шектеулі мөлшерде ғана. Доллар бағамы 243 теңгенің шамасында. Жұма күні Ұлттық банк төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов та енді көк қағаз құнының көтерілмейтінін айтқан еді. Ал халық теңгенің қазіргі тапшылығынан секем алып отыр.

- Қазір теңге көп жерде жоқ. Ақшамды айырбастайын деп қатарынан бірнешеуіне кіріп шықтым. Соған қарағанда бізді тағы тосын өзгеріс күтіп тұрған сияқты ғой. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін