Жарияланды: 370

Алматыда Жамбылдық есірткі саудагерінен 73 килограмм марихуана тәркіленді

Алматы қалалық ІІББ-ның есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Жамбылдық бір тұрғынды есірткі сатпақ болып жүрген жерінен қолға түсірді. 38 жастағы Жамбылдық тұрғынның Алматыда уақытша тұрып жатқан пәтеріндегі тінту кезінде 73 кг марихуана табылған. Бұл туралы Алматы ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, тұтқын бұған дейін де үш мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған көрінеді. Қазір тұтқынның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 259 бабы бойынша аса көп мөлшерде есірткі затын сатуға әркеттенгені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть