Алматыда жаңа мемлекеттік орган - Мемлекеттік кірістер департаментінің тұсаукесері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаңа мемлекеттік орган - Мемлекеттік кірістер департаментінің тұсаукесері өтеді

Алматыда жаңа мемлекеттік орган - Мемлекеттік кірістер департаментінің тұсаукесері өтеді

Алматыда алдағы 20 қараша күні қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалығымен «ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер департаменті жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбында отырыс өтеді.

  • 18 Қараша 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Бұл отырыс бұрынғы салық және кедендік органдардың, сондай-ақ қаржы полициясының экономикалық қауіпсіздікке қатысты қызметтерін біріктірген жаңа мемлекеттік орган — Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тұсаукесеріне арналады.

Отырыс Алматы қаласының әкімдігінде таңғы сағат 10:00-де басталады.