Жарияланды: 870

Алматыда жаңа оқу жылында 26 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

Алматыда жаңа оқу жылында 26 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

Алматыда жаңа оқу жылында 26 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды.

Бұл туралы қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Галина Самотокина айтты. 

"Бүгінде мектеп табалдырығын 26 мың алматылық бүлдіршін аттайын деп отыр. Алайда кейбір ата-аналар баласын мектепке беру керек екендігін 31 тамызда есіне түсіреді. Сондықтан қыркүйектің ортасына дейін 27 мыңға жетіп қалуы мүмкін. Біз 27 мың балаға орын жоспарладық",- деді Г.Самотокина. 
Басқарма басшысы Рахат Шимашеваның айтуынша, былтыр 26,5 мың бала бірінші сыныпқа барған. 
Қазірдің өзінде Алматыда 765 білім беру ұйымы жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде 388 балабақша, 244 мектеп, 83 колледж, 15 мектеп-интернат білім берумен айналысып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін