Алматыда жантүршігерлік жол апаты 3 адамның өмірін жалмады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жантүршігерлік жол апаты 3 адамның өмірін жалмады

Алматыда жантүршігерлік жол апаты 3 адамның өмірін жалмады

Жүйіткіп келе жатқан BMW маркалы машина жол бойындағы бетон бағанға соғылған. Қаза тапқандар  арасында кішкентай бала да бар.

  • 9 Қыркүйек 2014
  • 338
Фото - Caravan.kz


-Ойбай, балам қайда?

Жол апаты таңғы сағат төрттер шамасында болды. Солтүстік бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік көше шамы қойылған бағанға соғылған. Тізгінде 28 жастағы әйел екен. Қатты соққыдан доңғалағы мен алдыңғы есігі жұлынған көлік жарамсыз болып майысқан. Ал, ішінде отырған кішкентай нәресте бірнеше метр жерге ұшып түсіпті. Қалған жолаушыларды құтқарушылар көліктен шығарып алды.  Жедел жәрдем қызметі жүргізушінің 4 жасар ұлы мен күйеуін ауруханаға жеткізген. Бірақ олардың жанында отырған тағы екі адам ауыр жарақаттан қаза тапты. Ал аман қалған бір жігіт өздерінің кафеден тойлап шыққанын айтты.